Солтүстік Қазақстанда 23 жастағы тұрғын есірткі сатқаны үшін 10 жылға сотталды

305

Фото: polisia.kzПетропавлдың 23 жастағы тұрғыны алдағы он жылын максималды қауіпсіздік режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өткізеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бір жыл бұрын солтүстікқазақстандық полицейлерге Петропавл тұрғынының есірткі таратуға қатысы болуы мүмкін деген ақпарат түскен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұл мәлімет расталды.


Жігіттің тұрғылықты жерінен қауіпті заттардың түр-түрі табылды, соның ішінде 30 грамнан астам мефедрон мен a-PVP синтетикалық есірткілері бар. Бұл 500 дозадай болады және аса ірі көлемге жатады.
Ол көрсеткен «жасырын» орындардан полицейлер MDMA таблеткаларын немесе «экстази» атауымен белгілі метамфетаминді тәркіледі.


Ұсталған азамат тергеу кезінде және сотта өзінің кінәсін мойындамай, есірткіні жеке пайдалану мақсатында сақтағанына сендірмекші болды. Алынған заттың аса ірі көлемде болуын ол есірткі сайтын бұзып, біреулердің жасырын жерге тастап кеткен есірткілерін алғанымен түсіндірді. Алайда, өзінің айтқан сөздеріне нақты дәлел келтіре алмаған.


«ҚР Қылмыстық кодексі 297-бабы 3-бөлігінің санкциясы аясында есірткі саудагеріне 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Соңғы жылдары есірткі саудасына қатысы бар адамдардың орташа жасы әлдеқайда төмендеген. Жастар оңай ақша таппақшы болып, заңды бұзады. Жыл басынан облыста есірткі сатуға қатысты 16 үкім шығарылды, оның 9-ы – 19-бен 25 жас аралығындағы жастар», - дейді СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.