Такси мен Hyundai соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті

1 500

Фото: zakon.kz2026 жылғы 10 қыркүйек күні түні Алматыда Hongqi E-QM5 таксиі мен Hyundai Sonata көлігі соқтығысты. Жол апатынан екі көліктің жүргізушісі мен такси жолаушысы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агентігі.

Апат Жетісу ауданында, Жұмабаев пен Сельская көшелерінің қиылысында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Hongqi E-QM5 таксиінің жүргізушісі Сельская көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жұмабаев көшесіне солға бұрылмақ болған.

Куәгерлердің айтуынша осы кезде, Жұмабаев көшесімен шығыс бағытта Hyundai Sonata көлігі келе жатқан. Сол уақытта Жұмабаев көшесінен Сельская көшесіне "Газель" көлігі оңға бұрылған. Ол қиылыстағы жолдың бір бөлігін жауып, көрінуді қиындатқан.

Hongqi жүргізушісінің айтуынша, ол "Газель" басқа көліктердің қозғалысын жауып тұр деп ойлап, бұрылу үшін қиылысқа шыға бастаған. Алайда ол маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбеген.
Осы сәтте Hyundai Sonata жоғары жылдамдықпен Hongqi E-QM5 көлігіне соғылған. Соққы қытайлық көліктің артқы есігіне тиген. Қатты соққыдан Hongqi көлігі бұрылып кетіп, тротуарға шығып кеткен. Көлік бірнеше бордюрді қағып, жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылған.

Ал Hyundai Sonata қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Hongqi көлігінің жанында тоқтаған.

Жол апатынан екі жүргізуші мен такси жолаушысы зардап шекті. Үшеуі де жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар паттың нақты себептері мен жүргізушілердің қандай кінәсі бар екенін анықтауда.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.