Ботаникалық бақта бір топ адам аққуды мойнынан тартып, қатігездік көрсеткен

2 488

Фото: Видеодан скринАлматыдағы ботаникалық бақта бір топ келушінің аққуларға қатыгездік көрсеткен сәті видеоға түсіп қалды. Кадрда ер адамдардың құстарды мойнынан ұстап, “тұншықтырып” өздеріне қарай тартып жатқаны анық көрінеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Видео авторының айтуынша, олар бұл әрекеттері үшін ескерту алған кезде, жауап ретінде ашу мен балағат сөздер айтқан.

Бақтың баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, ішкі тексеріс басталғанын және полициямен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қазір құқық бұзушыларды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ботаникалық бақ әкімшілігі тұрғындарды табиғатқа құрметпен қарауға, әсіресе, сирек кездесетін жануарлар мекендейтін қорғалатын аймақтарда жануарларға ұқыпты болуға шақырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.