Үш мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алды
7 580
2023 жылдың басынан бері 3 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" заңда шетелден келген және Қазақстан аумағында заңды негізде тұрақты тұратын қандастардың Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқы бары көрсетілген. Заңның 16-1 бабына сәйкес, қандастардың азаматтық алу туралы материалдары өтініш берілген күннен бастап үш ай ішінде қаралуы тиіс.
Ал Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитеті әзірлеген көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында "Қазақстан азаматтығын алу үшін қоныс аударушыларды және қандастарды қабылдаудың аймақтық квоталары аясында үкімет айқындаған өңірлерде тұрақты тұрудың міндетті шартымен "қандас" мәртебесін беру тәртібін қайта қарау қажет" деп жазылған.
Қоғам талқысынан өткен, үкімет бекіткен құжат осы жылдың үшінші тоқсанынан бастап жүзеге аспақ.
Ведомствоның ақпаратына қарағанда, 2023 жылғы 1 қаңтардан 1 наурызға дейінгі аралықта 3134 қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған.
Қандастардың жартысынан астамы Өзбекстаннан келген. 16,3 пайызы Қытайдан, 15,9 пайызы Ресейден, 8,4 пайызы Түркіменстаннан, 4,5 пайызы Монғолиядан, 4,9 пайызы өзге де елдерден келген.
Қандастар, негізінен, Алматы облысына (27 пайыз), Маңғыстау (16,6 пайыз), Түркістан (7,1 пайыз), Жамбыл (3,6 пайыз) облыстарына және Астана (10,5 пайыз), Алматы (7,6 пайыз), Шымкент (6,5 пайыз) қалаларына қоныстанған.
Министрліктің мәліметіне қарағанда, қандастардың 69,1 пайызы – еңбекке жарамды адамдар, 22,7 пайызы – еңбек жасына жетпегендер, 8,2 пайызы – зейнеткерлер.
Осы орайда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылы қандастар мен қоныс аударушыларға бөлінген аймақ квотасы туралы мәлімет жариялады. Ең көп квота Павлодар облысына бөлінген — 3 773 адам. Өткен жылы бұл облысқа 3600 квота белгіленген.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларға 2023 жылы 8652 аймақ квотасы белгіленген. "Бұл - былтырғыдан 566 квота көп" дейді министрліктің баспасөз қызметі.
Қандастарға Солтүстік Қазақстан облысына 138 квота, Қостанай облысына 150, Абай облысына 196, Шығыс Қазақстан облысына 239, Ақмола облысына 270, Павлодар облысына 932 квота бөлінген. Қоныс аударушыларға Қарағанды облысына 33, Ұлытау облысына 120, Абай облысына 238, Шығыс Қазақстан облысына 305, Қостанай облысына 530, Солтүстік Қазақстан облысына 2 660, Павлодар облысына 2 841 квота ұсынылған.
Өткен жылы Түрікменстаннан Қазақстанға келген жүздеген қазақтың он шақтысы ғана Маңғыстау облысында қалған. Көпшілігін Қазақстанның "еңбек күші тапшы" солтүстігі мен шығысына жіберген.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, аймақ квотасын пайдаланатын қандастар мен қоныс аударушылардың көші-қоны үшін отбасының әр мүшесіне бір рет 70 айлық есепті көрсеткіш (214,5 мың теңге) субсидия төленеді. Бір отбасына 12 ай ішінде тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін 15-тен 30 АЕК-ке дейін (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) беріледі.
Еңбек министрлігінің мәліметіне қарағанда, 1991 жылдан бүгінге дейін Қазақстанға шетелден 1 миллион 107 мың қазақ көшіп келген. 2022 жылы тарихи отанына көшіп келген 19 178 адам "қандас" мәртебесін алған.