"Алты оқ тиген". Қазақ файтеріне Мәскеуде шабуыл жасалды

377
16 ақпанда Қазақстандық ММА шебері Бағдат Дүйсембаевты Мәскеуде фитнес клубтың күзетшісі атып тастаған. Спортшыға 6 жерінен оқ тиген, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz сайты lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, спортшы мен фитнес клуб күзетшісі арасында жанжал болған. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

30 жастағы Дүйсембаевқа 6 жерден оқ тиген. Қазір ол Мәскеу ауруханаларының бірінде жансақтау бөлімінде жатыр. 

Көпшілікке "Қазақ" лақапатымен танымал Бағдат Дүйсембаев әуесқойлар арасындағы ережесіз жекпе-жекте өнер көрсетеді. Ол барлығы жеті кездесу өткізіп, оның екеуінде жеңіске жеткен. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.