Студенттерге жол зертханасына экскурсия ұйымдастырылды

1 365

Фото: Ұлттық жол сапа орталығыЖол активтері ұлттық сапа орталығы Павлодар облыстық филиалына  арнайы студенттер үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Торайғыр Университетінің бірінші курс  студенттері алғашқы рет жол сапа мекемесіне келді. Олар ен алдымен филиал жұмысымен танысып, жол зертханасынын асфальтобетон, щебень,  битум тағы басқа да жол жамылғысының құрамындағы тұтқыр материалдармен кеңінен танысып, зертханада зерттеу жұмыстары қалай өткізілетінін өз көздерімен көрді. Болашақ жолшылар филиал тәжірибелі экспертерінен көптеген қажетті мағлұматтарды алып өз сұрақтарына жауап алды. 

 «Біздің мекеме жас түлектерге, студенттерге білімді жолшы маман болу үшін Ашық есік күндерің тұрақты түрде өткізіп тұрады. Олар біліммен қатар осындай шаралар арқылы білікті мамандарымыздан тәжірибеден өтеді. Жалпы мақсатымыз - бағыт-бағдар беру , сапалы кадр даярлауда, жастарды жолшы мамандыққа тарту» – деді құрметті жол қызметкері Людмила Ковтарева.

Осыдан бір күн бұрын біздің мекемеге Жоғарғы электроника және коммуникациялар колледжінін оқушылары да келді. Оларда  жолшылармен еркін форматта білім алуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, Павлодар облыстық филиал мамандары мұғалімдерге біздің мекемеде студенттерге өндірстік практикадан өтуге мүмкіндік бар екенін айтты. Жол зертханасында практиканттар үшін барлық жағдай жасалған.

Айта кетсек, биылғы жылда Павлодар филиал қызметкерлері 629 рет іссапарға шығып, жол-құрылыс материалдарының 1949 данасынан үлгі алынып, сынамадан өткізілген. Сәйкесінше, жол-құрылыс материалдарының 208 данасы нормативтік талаптарға сай келмейтіндігі анықталған.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.