13 жасында өгей әкесінен бала туған

521

13 жасар өгей қызын  1978 жылы туған азамат зорлаған- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


2021 жылдың басында Түркістан облысындағы шалғай ауылдардың бірінде сұмдық жағдай орын алды. 13 жасар қыз өгей әкесінің баласын дүниеге әкелді. Полиция, прокуратура, ауыл әкімдігі және балалар үшін жауапты уәкілетті басқа да мемлекеттік органдар мұндай фактіні жоққа шығармады. Ата-анасынан да, қыздың өзінен де ешқандай арыз түспегеніне қарамастан жағдай бойынша тергеу басталып, қылмыстық іс қозғалды. 

Отбасы жақында Шардарадан көшіп келген. Қыздың анасы 1-топтағы мүгедек. Денсаулығына байланысты көбінесе Түркістан мен Шымкент ауруханаларындағы ұзақ мерзімді стационарлық емделген. 13 жасар қызы босанған уақытта да анасы емханада болған. Әйел қызының сәби дүниеге әкелгенін естігенде сене алмаған. Айтуынша, қызының салмақ қоса бастағанын байқаған. Бірақ, ол көп тамақ жеп жүр деп ойлаған. 


Жасөспірімнің  мал бағумен айналысатын өгей әкесі болған. Ол өгей қызы босанған уақытта оның жеке өмірі туралы ештеңе білмейтінін айтқан. 

Босанғаннан кейін  қыз  баласының әкесін айтқысы келмеген. Анасы араласқаннан кейін оны өгей әкесі зорланғаны белгілі болды. 

Ер адам тұтқындалып, оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.


Тергеу барысында жаңа туған бала мен қыздың өгей әкесінен ДНҚ сараптамалары алынды. Нәтижесінде күдікті сәбидің әкесі екені 99,9%-ға расталды.
Сотта айыпталушы өзі болған оқиғаны толық мойындады. Әйелі ауруханада болған күндердің бірінде мас күйінде, өгей қызын зорлағанын мәлімдеді. 


Ер адам кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.

Қазіргі таңда нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық. Жас ана мен бала қамқоршылық мекемелерінің қолында.