Қытай әскері Тайваньға басып кірді

723

Әлем Ресей мен Украина соғысына қарап отырғанда, Тайваньның қорғаныс министрлігі елдің әуе айлағына қытайлық ұшақтардың кіргенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Reuters агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Қытайдың сегіз J-16 атқыш үшағы және бір Y-8 барлау ұшағы Тайваньдағы Пратас аралдарының солтүстік-шығысына ұшып өткен. Тайвань билігі Бейжің Мәскеудің әрекетін пайдаланып, аралда өз амалын іске асыруы мүмкін деп алаңдап отыр.

Бұған дейін Қытай Қорғаныс министрлігінің өкілі Тан Кэфэй Тайвань Қытайдың "басты мәселесі" екенін және өзге мемлекеттердің бұл іске араласуына жол бермейтінін айтқан.

Айта кетейік, Тайвань 1949-шы жылы ҚХР аумағынан дербестік алып шықты. Бірақ бүгінге дейін Қытай аталған елдің тәуелсіздігін мойындамай келеді. Соңғы жылдары Тайваньның әуе қорғанысын бұзып, өз әскерін арал маңына орналастырғаны туралы ақпараттар жиі тараған. Агенттіктің мәліметіне сүйенсек, аталған екі ел арасындағы жағдай да ушығып кетуі мүмкін.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.