950 мың теңге алған: Карантин кезінде қытайлықларды отанына жіберуге уәде еткен алматылық ұсталды

385

Алматыда карантин кезінде Қытай азаматтарын отанына жіберуге уәде еткен әйел ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап. 


40 жастағы М. есімді әйелдің заңсыз әрекетіне 20-дан аса адам шағымданған болатын. Олар полицияға ресми түрде арыз жазды.

"Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті 2021 жылдың ақпанынан сәуіріне дейінгі аралықта туристік фирма атынан әрекет етіп, Қытай азаматтарына оларды ұшақ арқылы өз отанына жіберуге уәде берген. Бұл қызметі үшін әйел әрқайсысынан 650 мыңнан 950 мың теңгеге дейін ақша алған. Алайда уәдесін орындамаған", - деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша (Алаяқтық) тіркелді.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кейін сот шешімімен әйел қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.