Ұлттық қаупісіздік комитеті бір айда 1,3 млрд теңгенің есірткісін тәркіледі

236
Ұлттық қауіпсіздік комитеті маусым айында есірткіге қарсы 21 операция, оның ішінде Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанның арнайы қызметтері мен құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

Комитет ұсынға ақпаратқа сәйкес, нәтижесінде есірткі трафигінің 6 халықаралық және 12 өңірлік арнасы жойылғаны белгілі болды.
Синтетикалық есірткі өндіретін 3 жасырын зертхананың қызметі бейтараптандырылды.

"Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 31 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 120,6 келі есірткі, оның ішінде 61,8 келі синтетикалық есірткі (206 мың "бір реттік дозаға" баламалы), 6 келі марихуана, 52,7 келі гашиш тәркіленді. Бұдан басқа, психотроптық заттарды дайындауға арналған 6000 экстази таблеткасы және 2 тоннадан астам химиялық реагенттер айналымнан шығарылды", - делінген хабарламада.

Маусым айында алынған есірткінің жалпы сомасы "қара нарықта" 1.3 млрд теңгеден астам сомаға бағаланған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.