Ауыл әкімі әйелдің үйіне терезеден кіріп, зорламақ болған

1 779

Фото: IstockphotoЖеліде Жетісу облысында ауыл әкімі тұрғынның үйіне терезеден кіріп, әйелді зорламақ болған деген ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.


Құқық қорғау органы үйге заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлімдеді. Полицияға арыз-шағымды жәбірленуші түсірген.

«Бірнеше күннен бері Жетісу облысы Ақсу ауданы Ақсу ауылының әкімі күйеуі, бала-шағасы бар келіншекті түннің ортасында терезеден кіріп зорламақ болды деген ақпарат тарап жатыр. Бұл әкім осындай іске екінші рет барғаны айтылады. Неге іс қозғалмайды?.. Оның «крышасы» мықты. Енді істің бәрі бұрмаланып, әкім сытылып кетсе, таңғалмаймын», - дейді желіге видео жариялаған Мұрат Орманов атты азамат.

Редакция Жетісу облысының әкімдігіне хабарласты, жергілікті ведомство өкілі оқиғаның анық-қанығын анықтап барып жауап беретінін айтты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.