Ауыл әкімі әйелдің үйіне терезеден кіріп, зорламақ болған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Желіде Жетісу облысында ауыл әкімі тұрғынның үйіне терезеден кіріп, әйелді зорламақ болған деген ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Құқық қорғау органы үйге заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлімдеді. Полицияға арыз-шағымды жәбірленуші түсірген.
Редакция Жетісу облысының әкімдігіне хабарласты, жергілікті ведомство өкілі оқиғаның анық-қанығын анықтап барып жауап беретінін айтты.
Қаз
Рус






