Әйелдің суретін WhatsApp-қа таратқан көршілеріне айыппұл салынды
Астанада тұрғынның суретін оның келісімінсіз WhatsApp чаттарына таратқан көршілер моральдық зиян үшін өтемақы төлеуге міндеттелді.
Іс материалдарына сәйкес, әйел тұрғын үй тұрғындарының жиналысына қатысқаннан кейін өз фотосының жалпы саны шамамен 1,5 мың адамды қамтитын екі WhatsApp чатында жарияланғанын білген.
Кейін дау сотқа жеткен. Іс аумақтық соттылық тәртібімен Астана қаласының ауданаралық азаматтық істер жөніндегі сотынан Жамбыл облысының Шу аудандық сотына жіберілген. Сот отырысы онлайн форматта өткен.
Қаз
Рус






