Қазақстанда такси бағасы бір жылда 11%-ға өскен
Такси бағасы тағы да қымбаттады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, такси қызметімен айналысатын компаниялардың табысы өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға өскен.
Елімізде жыл басынан бері такси бағасы 11,3%-ға шарықтаған. Қазіргі таңда ең қымбат Алматы қаласында. Биыл мегаполисте такси қызметі бірден 40,5 пайызға көтерілген.
Сондай-ақ бағаның өсуі Ақтөбе мен Абай облыстарында байқалады. Ал Қарағанды облысында жыл бойы баға өзгеріссіз қалса, Шығыс Қазақстан облысында керісінше баға 6 пайызға төмендеген.