Қар аралас жаңбыр мен көктайғақ: Қазан айының басындағы ауа райы

326
Қазан айының басында  Қазақстан аумағының көптеген бөлігі циклон ықпалында болады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

1 қазаннан бастап солтүстік-батыс антициклонының батыстан шығысқа ығысуына қарай жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы одан әрі төмендейді: түнде солтүстікте, шығыста және орталықта 1-6 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылы.

Еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс, орталығында және оңтүстік-шығыс аудандарда жаңбыр және қар жауады, одан кейін көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. 

Республиканың солтүстік-батысында түнде сынап бағанасы 6 градусқа дейін төмендейді, күндіз 3-13 градус жылы болады.



Ал оңтүстік өңірлерде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз температура 8-13 градус жылы.

Тек елдің батысында ауа температурасының негізгі фоны түнде 3 градус аяз – 5 градус жылы, күндіз 10-15 градустан 13-18 градусқа дейін жылы.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.