ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудан бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс сапасын арттыру жөнінде тиісті тапсырмалар жүктеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Үстіміздегі жылы «Қазақстан халқына» қоры арқылы Аққыр елді мекенінен жалпы құны 175,0 млн. теңге болатын денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды.
Қаракеткен ауылындағы жалпы құны 388,7 млн теңгені құрайтын типтік жобадағы жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілуде. Халықтың сұранысына сай бой көтерген жаңа нысан жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі.
Аймақ басшысының қолдауымен Жалағаш кенті орталығынан жалпы құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын «Руханият» орталығы ғимараты салынуда. Жауапты сала басшыларына құрылыс жұмыстарының уақытылы және сапалы болуын қатаң бақылау тапсырылды.
Жалағаш кентіндегі денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары талапқа сәйкес болуын, жабдықтардың талапқа сай болуы қажеттігін айтты.
Мырзабай ахун, Т.Жүргенов, Есет батыр елді мекендерінің электр желілерін қайта жаңғырту, М. Шәменов, Ақсу ауылдарында жүріп жатқан газдандыру жұмыстары да мерзімінде аяқтау маңызды міндет екенін жеткізді.
Жалағаш кентінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 101 тұрғын үй сатып алу барысында, баспана сапасына аса мән беруді ескертті.
Тапсырмалардың толық орындалуын, сала бойынша жауапты орынбасарға тапсырылды.