Ауыз су тарифы 200 теңгеге көтерілді
401
Маңғыстау облысында ауыз су тарифы бірден 200 теңгеге шарықтап кетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі
Ауыз су тарифі бірден 200 теңгеге көтерілген. Бір қызығы, тарифтің өскенін ауыл әкімінің өзі білмейді. Енді жергілікті халық бағаны қайта арзандатуды талап етуде. Ал табиғи монополияларды реттеу департаменті бұрынғы тарифті қайтара алмайтынын айтты.
Ақтаудың дәл іргесіндегі Ақшұқыр мен Сайын ауылдарында 16 мыңнан астам адам тұрады. Олар бұрын бір текше метр суды 418 теңгеге сатып алса, енді 662 теңге төлеуге мәжбүр. Тұрғындардың айтуынша, баға өсетіні ескертілмеген. Тіпті хабарландырудың өзі тұтынушыға түсініксіз.
Сондай-ақ, ауылдықтар ішерге су таппай отыр. Каспий жағасында тұрса да, су таситын көлікпен оны сатып алудан шаршаған. Олардың айтуынша, бір көлік судың өзі 5 мың теңге тұрады. Ал табиғи монополияларды реттеу департаменті тариф заң бойынша дұрыс бекітілген деп отыр.
Ал тіршілік нәрінің 600 теңгеден асып кеткенін Сайын ауылы әкімінің өзі де білмегенін айтты. Дегенмен жауапты органдар тариф бағасы енді өзгертілмейді деп отыр. Тұрғындар сотқа жүгінуге дайын екенін жеткізді.

Бәрінде су 261 теңгеден аспайды. Тек қана Түпқараған ауданы бойынша 418 теңге еді, оны да 662 теңгеге көтеріп отыр. Біріншіден қоғамдық тыңдау болған жоқ, халықтың келісімін алған жоқ. Мына мекемені батпақтан шығарып алудың арқасында ортадағы делдал мекемелерді байыту үшін бағаны көтеріп отыр. Біз оған түбегейлі қарсымыз, – деді Сайын ауылының тұрғыны Руслан Бағдатов.
Қоғамдық тыңдау өтті дейді. Бірақ оны ауылдың әкімі де білмейді, депутатымыз да білмейді. Ақшұқыр мен Сайын ауылының 17 мың адамның естімегені бір жұмбақтау болып тұр. Маңғыстау бойынша емес, республикалық аудиттан келу керек. Біз соны талап етеміз. Халықтың барлығы қазір соған қол қойып, құжат дайындап жатырмыз, – деді тағы бір тұрғыны.
Сондай-ақ, ауылдықтар ішерге су таппай отыр. Каспий жағасында тұрса да, су таситын көлікпен оны сатып алудан шаршаған. Олардың айтуынша, бір көлік судың өзі 5 мың теңге тұрады. Ал табиғи монополияларды реттеу департаменті тариф заң бойынша дұрыс бекітілген деп отыр.
Ауыл халқы субсидияланған мөлшерлеме бойынша төлем жасайды. Яғни тариф қанша теңге болса да, 3 текше метрге дейінгі суды адам басына бір текше метріне 70 теңгеден алады, – деді Маңғыстау облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Жандос Салимов.