Қырғызстаннан 30 тонна қантты елге заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды

205
Қырғызстанның ҰҚК қызметкерлері заңсыз әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстандық көрші қырғыз елінен 30 тонна қантты елге заңсыз кіргізбек болды.


Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, шекарашылар "Чон-Капка - Автодорожный" бақылау-өткізу пунктінде жүкті заңсыз әкету фактісін анықтаған.

Өткізу бекетіне 38 жастағы қазақстандық жүргізген КамАЗ жүк көлігі келген.

Ер адам көлікте тыңайтқыш барын айтқан. Алайда автокөлікті тексеру кезінде шекарашылар 30 тоннаға жуық қант тапты. Ол тәтті өнімді селитра салынған қаптардың арасында жасырған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қазақстан азаматы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.