Айлардың сұлтаны Рамазан айы

340
Мұсылмандардың асыға күтетін Рамазан айыда келіп жетті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алла Тағаланың мұсылман құлдарына қасиетті етіп берген бірнеше күндері мен айлары бар. Қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі ол – Рамазан айы. Рамазан айының ерекшелігі сол – мүміндер бұл кезде бір ай бойы ораза ұстайды. Рамазан – мейірімділіктің, қайырымдылықтың, сабырлықтың, кешірімділіктің, тақуалықтың және нәпсіні тәрибиелеу, өз-өзіңе есеп беру айы. Осымен қатар, Рамазан Құран айы, тақуалық пен тәрбие айы ретінде байыпталады. Рамазан – айлардың сұлтаны, күнәлардың кешірілетін, мың айданда қайырлы Қадір түні бар шоқтығы биік ай. Құран Кәрімде Алла Тағала мүміндерге ораза тұту жайында былай дейді:
 

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ كُتِبَ عَلَيْكُمُ الصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى الَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ
«Әй, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине, сақтанарсыңдар».
Негізі ораза ұстаудың рухани һәм денсаулыққа пайдалары өте көп. Рухани пайдаларының бірі адам баласын сабырлыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Өйткені пенде күнін Алла Тағалаға иман еткен күйде аштықпен, шөліркеумен өткізеді. Пенде адамның ашуын тудыратын қандайда бір келеңсіз жәйттарға тап болса, «Мен оразамын» деп сабырға келеді. Жалпы мұсылман қоғамында осы Рамазан айында қылмыс азаятыны белгілі. Өйткені Алланың мұсылман пенделері өзін және өзгелерді жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыяды. Нәпсісін тізгіндейді, мейірімді, кешірімді болады.
Құран Кәрімде Алла Тағала:  «Олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Алла Тағала жақсылық етушілерді сүйеді», – деп бұйырған.
Қазақтың атақты жырауы Асан қайғы[3] бабамыз кешірім жайында бір жырында:
Ерегісіп, ұрыспа.
Сенікі жөн болса,
Атың шықпас дұрысқа.
Атаңның құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа, – деп қандай керемет айтқан десеңші!
 
Пайғамбарымыз ﷺ бір сөзінде: «Кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса, оның бұрын істеген күнәлары кешіріледі»[4], – деген.
Сондай-ақ, Алла Елшісі ﷺ тағы бір хадисінде: «Рамазанның басы –рахмет, ортасы – кешірім, соңы – тозақ отынан құтылу», – деген екен. Ал, Алла Тағала пендесін бар күнәсына қарамастан осылай кешіріп тұрса, онда құлға жарасқаны өзге құлдарды да кешіре білу емес пе?!
Пайғамбарымыз ﷺ өзінің бір хадисінде үмметін былай деп сүйіншілейді:



«Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Алладан ғана күтіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі»[5].
Қараңызшы, шынайы сеніммен бір ай ораза ұстасаңыз болғаны, әлемдердің Раббысы сіздің барлық күнәларыңызды кешіруге дайын. Бұл – тек Мұхаммед ﷺ үмметіне берілген асыл сый. Өйткені, Алла Елшісі ﷺ өзінің құдси хадисінде оразаның тұтқан адамның Алла алдында орны ерекше екенін былай жеткізеді:



«Ұлылығы шексіз Алла Тағала: Адам баласының ұстаған оразасынан басқа барлық амалдары өзіне. Ал оразаның жөні бөлек. Өйткені, ораза Менің разылығым үшін ұсталады. Сондықтан да, оның қарымын (сауабын) Өзім беремін – деген».
Пайғамбарымыз ﷺ тағы бір хадисінде:



«Ораза ұстаушының екі үлкен қуанышы бар: ауыз ашқанына қуанады және Раббысымен қауышқанда ораза ұстағанына қуанады», – деген.
Рамазан – сауап жасау, мол мүмкіндік, рухани тұрғыдан өз өзіңді жаңарту, жаңғыру айы.
Алла елшісі ﷺ былай деді:
«Аузы берік кісіге ауыз аштырғанға ораза ұстағанның сауабындай сауап беріледі. Бұдан ораза ұстаушының сауабы еш кемімейді".
Ораза айы – күнәдан тазару айы. Алла Елшісі ﷺ былай дейді



«Ораза  қалқан. Пенде ораза ұстаумен тозаққа қалқан қояды». Осы хадистегі «қалқан» біздің сабыр-шыдамымыз болып табылады. Пайғамбарымыз ﷺ тағы бір хадисінде: «Ораза – сабырдың, сабыр болса – иманның жартысы», – деген. Демек, ораза иманнан туындайды. Иман тозақтан сақтайды. Мұсылман иманының қуатына қарай қылмыс пен күнәдан бойын аулақ ұстайды. Жүйкесін жұқартпайды, ашуын ақылға жеңдіре алады. Ораза ұстап аш жүрген кезде нәпсі қозбайтындықтан, адамның сабыр сақтауы көп қиындық туғызбайды. Аяқасты тап болатын түрлі қиындықтарға шыдамдылық танытуда оразаның берер пайдасы көл-көсір.
Оразамен аштыққа, шөлге т.б. түрлі ауыртпашылықтарға шыдай алған адам тосын жағдаяттарға тап болғанда сағы сына қоймайды. Ораза қиындықтарға шыдауға әбден шыңдалған, нәпсісіне ие бола алатын, ақиқатты өмірлік ұстаным деп біліп, одан таймайтын сегіз қырлы, бір сырлы әмбебап адамдарды тәрбиелеуде үлкен рөл ойнайды.
Рамазан – әр жылы қайта оралып, мұсылман адамға өз-өзіне жаңадан тәрбие беруге мүмкіндік беретін, мұсылман пенденің сабырлығы бойынша емтихан тапсыратын ай. Оразаға ниет еткен жамағат ала таңнан ақшам уақытына дейін сабырлық жасайды. Ораза болғаны үшін кешке дейін ішіп жемейді. Сондай-ақ, ашу-ызаға  бой алдырмай,  жұмсақтық танытады. Тұла бойын харамнан, тілін жаман сөзден, көзін сұқтанудан сақтайды. Өйткені:

منْ قَامَ رَمَضَانَ إِيماناً واحْتِساباً غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ
إِنَّما يُوَفَّى الصَّابِرُون أَجْرَهُمْ بِغَيْرِ حِسابٍ
«Сабыр еткендерге Алланың қайтарар сыйы қисапсыз»[9].
 
Бағана бір сөзімізде айтқандай, Пайғамбарымыз ﷺ «Сабырлықтың жартысы ораза ұстаудан тұрады», – деп өсиет қалдырған. Бұл өсиет даналық бұлағындай болған біздің ауыз әдебиетімізде қалай өрілді екен, соған мән берсек.
Асан қайғы бабамыз тағы бір жырында:
...Ашу – дұшпан, артынан
Түсіп кетсең қайтесің
Түбі жоқ терең қуысқа?!» – десе,
Абай атамыз:
«Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос», – дейді.
 
Рамазан айында ораза арқылы төзiмдiлiк, шыдамдылық, сабырлылық, жанашырлық, тақуалық секiлдi iзгi қасиеттердi өн бойымызға  жинауға тырысамыз. Рамазан – қайырымдылық, мейрiмдiлiк, ізгі амалдардың еселене жасалатын уағы. Сол арқылы сауабымыз артып, күнәларымыз кешiрiледі.
Алла Тағала жасаған ғибадаттарымыз бен тақуалығымызға орай  жұмақ нығметтерiн сыйға тартады. Бұл жайында хадис шәріпте былай делінеді:  

«Адамдарды жәннатқа кіргізетін нәрсе – тақуалық пен көркем мінез». Ал, осы шынайы тақуалықты адам баласы Рамазан айында сезінеді. Ал, ондай кісі  жәннатқа лайық. Осы хадисте баяндалғандай, жұмаққа лайықты адамның келесі қасиеті ол – көркем мінез. Көркем мінез нәпсіні тізгіндеуден, тақуалықтан туындайды. Өзін-өзі басқаруы күшті, нәпсісі тәрбиеленген адамның мінез-құлқы да тамаша. Ондай адам сабырлы, мейірімді, жомарт келеді. Басқаға хасат (қызғаныш) қылмайды, күндес болмайды, зұлымдық, жамандық жасамайды. Ораза ұстаған адам нәпсісін басқара білуі, мінез-құлқын көркемдеу және тілін жаман сөздерден тыю арқылы оның бойы күнә-кемшіліктерден тазарып, Алланың рахметі мен мағфиратына бөленіп, жәннатқа лайықты ізгі жанға айналады.
Ораза – ішіп-жеу және шаһуаттан тыйылу арқылы орындалатын құлшылық. Ал, тамақ мен жыныстық сезім адамзатты азғыратын, жолдан тайдыратын нәпсі нөкерлері десек болады. Нәпсі – адамның ішкі жан-дүниесі, рухына азық болатын нәрселерден гөрі тәнге азық болар нәрселерге үгіттейді. Оразаның тағы бір пайдасы осы нәпсінің екі нөкерін тізгіндеуіне септігін тигізеді.
Нәпсісін тізгіндеп, өз-өзін басқара білген адамды тақуа дейді. Пенде оразаның арқасында нәпсісін толықтай ауыздықтап, өзі де Ұлы Жаратушының алдында шынайы мойынсұнған құлға айналмақ. Ораза тұтқан кез-келген жан өзінің ораза ұстамаған бұрынғы бейғам күндеріне қарағанда тазалықты, пәктікті сезінеді. Яғни, ешнәрсеге, тіпті бір жұтым суға да қол соза алмауы барлық нәрсенің Иесі бар екенін, өзінің әлсіз құл екенін түсінеді. Осыдан барып ол өзінің барынша әлсіздігі мен мұқтаждығын сезініп, Алланың рақымдылығына қарай бет түзейді. Сондықтан, нәпсісін тежеп жасалған тарыдай ғибадат ықылассыз орындалған таудай құлшылықтан артық.   Баяғы өткен данышпандардың бірі: «Нәпсісін ақылына тізгіндеп бере алған адам мақсатына жетеді. Ал, ақылын нәпсісіне тұтқын етіп берген кісі жолда қалады», – деген екен. 
Алла Тағала періштелерді жаратып, оларға тек ақыл, жануарлар әлемін жаратып, оларға тек нәпсі берген. Ал, адамзатты жаратып, ақыл мен нәпсіні қоса берген. Періштелерде нәпсі болмағандықтан, Алланың әмірін бұлжытпай орындайды. Жануарларда тек нәпсі ғана болғандықтан, олардың бар мақсаты – қарынды тойдырып, жыныстық сезімін қандыру қамында ғана өмір сүреді. Ал, адам баласында періштедегі ақыл да, жануардағы нәпсі де бар. Адамзаттың періште мен жануардан айырмашылығы мына дүниеге сынақ үшін келген. Сондықтан адам қаласа, ақылымен періштелер дәрежесін бағындырады, немесе   нәпсіқұмарлыққа салынып жануарлар секілді қарын мен жыныстық сезімінің қамын ойлаумен күн кешеді. Демек, адам ақылға ерсе, дәрежесі артады, ал нәпсісіне ерік берген адамгершілігінен айырыла береді.
Қазақтың көрнекті ақыны Нұртуған Кенжеғұлұлы нәпсі туралы бір жырында:
Өзімшіл адамдыққа нәпсі масыл,
Зұлымдық сол үйретер айла, тәсіл,
Жаралған бойыңдағы бар мүшеңнен
Таза ұстай білсең егер жүрек асыл.
Махаббат, мейірім, ынсап, қанағаттық,
Ар, ұят, қайрат, жігер, сабыр, сақтық.
Таза ой, таза ақыл, таза ниет,
Сақтайтын осыларды жүрек – сандық, – деп қандай дөп басып айтқан.
 
Осымен қатар, ораза денсаулыққа да көп пайдалы. Мына кереметті қараңыз, қазіргі таңда Еуропада науқастарды аштықпен емдеу әдіс-тәсілі кең етек жаюда. Бұл мәселеде кезінде XIX ғасырдың аяғында физотерапия саласының майталман маманы, неміс ғалымы  Эрет Арнольд[10] оразамен емдеу орталықтарын ашып, небір жазылмас науқастарды емдеп, бұл салада үлкен жетістіктерге жеткен. Сөйтіп, Эрет Батыстың көптеген елдері мен қалаларында  (Fasting senter)[11] орталықтарын ашқан. Эреттің ерекшелігі сол – Батыстың медицина саласының ең мықты 24 ғалымы оған жазылмайсың деп диагноз қойған созылмалы нефрит[12] науқасынан осы аштықпен емделу (ораза ұстау) арқылы жазылып кеткен. Ал, мұсылман жұртшылығына Алла Тағала ешқандай ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер өткізбей-ақ, жылына бір рет келетін қасиетті Рамазан айында  ораза ұстау деген үлкен нығметін беріп қойған. Ораза ұстаудың денсаулыққа орасан пайдалы екендігі жоғарыда келтірдік, әлдеқашан дәлелденіп қойған. Біле-білгенге ораза – адамға тамақ жеу, тыныс алу, ұйқы, іс-қимыл сияқты адам ағзасына өмірлік маңызы бар құбылыстардың бірі болып табылады. Егер адам ұзақ мерзімге ұйқыдан не тамақ жеуден тыйылса денсаулығына зақым келіп, дертке шалдығатыны секілді, адам баласы ораза ұстамаса да ағзаларына зиян келетіні анықталып отыр. Мамандар ораза ұстау мына ауруларға ем дейді:   
  1. Жасушалар жаңарып, ескілері жойылады;
  2. Қант ауруына тосқауыл болады;
  3. Артық салмақтан арылуға әсерін тигізеді;
  4. Тері ауруларына пайдалы;
  5. Тұз байлану аруына пайдалы;
  6. Қан қоюлануының алдын алады;
  7. Ағзаларды улы заттардан тазартады;
  8. Ас қорыту жүйесі дем алады;
  9. Жағымсыз тәуелділіктерден арылтады;
  10. Қан қысымын түсіріп, бас ауруының жазылуына пайдалы.
Құрметті халайық! Әрине, оразаны хадисте келгендей, иман келтіріп, бір Алланың ғана разылығы үшін ұстауымыз қажет. Дегенмен де, Раббымыз бір құлшылықтың өзінде бізге қаншама пайдалы сый берген екен. Сол үшін де ораза нығметін дұрыс пайдаланайық.


Рамазан (араб.رمضان‎ – рамаданислам күнтізбесінің 9-шы айы) — Хижра күнтізбесінің тоғызыншы айы. Бұл айда мұсылман бір ай бойы ораза тұтады. Яғни, таң сәреден күн батқанша ішіп-жеуден, жыныстық қатынасқа барудан, түрлі жаманшылық атаулыдан өзін пәк ұстап, күнә істерді тоқтатады. Рамадан сөзі «күйдіру, өте ыстық» дегенді, яғни өткен күнәларды күйдіріп, өшіруші деген мағына білдіреді.


Бұл айда орындалатын ең басты діни амал ауыз бекіту — ораза боп саналады. Рамазандағы ауыз бекіту ислам дінінің бес парызының бірі боп табылып, бүкіл әлем мұсылмандарымен жыл сайын орындалып отырады. Бұл парыздың маңыздылығы соншалық, кейде ауыз бекіту амалын Рамазан деп атауға дейін барады. Бірақ Рамадан — ай аты болса, ауыз бекіту парызы — қазақша ораза (арабша саум) деп аталады.
Ораза ұстаған адам таң атқаннан бастап күн батқанға дейін жеуден, ішуден не темекі шегуден бас тартады. Рамазан мезгілінде мұсылмандар ислам қағидаларын неғұрлым тиянақты орындаулары, жыныстық қатынастан бас тартулары, зорлық-зомбылықтан сақтанулары, ашу, қызғаныш, дүниеқорлық, қанағатсыздық, құмар сияқты сезімдерге жол бермеулері, ашулы не мысқылды жауап беруден, өсек тасудан сақтанулары тиіс. Адамдар бір-бірімен әдеттен гөрі тату, ынтымақты өмір сүреді деп күтіледі. Бүкіл ерсі дыбыспен пен көріністен аулақ болу керек. Ой мен амалдың екеуінің де тазалығы маңызды боп саналады. Ораза — Құдаймен жақындасуға бет бұратын әр мұсылман тұлғаның өз алдындағы ибадаты. Ораза ұстау амалының мақсаты жүректі дүниелік тіршіліктен аластатып, адамның ішкі дүниесін зақымнан тазарту боп табылады.
Рамазан айында ораза ұстау бүкіл адамдарға бірдей парыз болмайды. Жыныстық толысу жасына жетпеген балалардың ораза ұстаулары міндет емес, бірақ кейбіреулері ұстайды. Айтқанымен, жыныстық толысу кешіккен жағдайда, ораза белгілі бір жастан кейін ер адамға да, әйел адамға да парыз болады. Құран бойынша, егер ораза ұстау ауру адам секілді біреудің денсаулығына зиян әкелу мүмкіндігі болса, бұл адам ораза ұстамаса да болады. Мысалы, қант диабеті ауруына шолыққан адам немесе емізетін иә екі қабатты әйел адамдар әдетте ораза ұстамайды. Алайда бұндай адам оның орнына мұқтаж кісіні тамақтандыруға шақырылады [1] Мұрағатталған 30 қыркүйектің 2008 жылы.Хадис бойынша, етеккір кезіндегі әйел адамға ораза ұстау тиым салынады. Әдетте ауыз бекітпесе де, болатын басқа жағдай ретінде соғыстағы адам мен үйінен тыс бес күннен кем уақыт өткізуге ниеттелген жолаушы боп саналады. Егер адамның ауыз бекітуі қиындық тудыратын халі уақытша құбылыс болса, өткізілген күндердің орнын Рамазан айынан кейін келесі Рамазанға дейінгі мезгілде толтыруы тиіс. Егер мұндай халі ұзаққа созылатын болса, әр ұстай алмаған күнінің орнына мұқтаж адамды тамақтандырса да болады.
Егер жоғарыда айтылған еш бір категорияға жатпайтын адам ұмытқаннан оразасын бұзатын қылық жасаса, оразасы бұзылмайды. Алайда, егер де біреу ниеттеніп оразасын бұзған жағдайда, оразасын тоқтатпай күн батқанша дейін ұстап, сол бүкіл күннің борышын соңынан өтеуі керек. Егер саналы түрде жыныстық қатынасқа түсетін болса, сол күннің борышын қатар келетін алпыс күн ауыз бекітумен өтеуі қажет.



Қадыр түні

Қадыр түні (Ляйлат аль-Қадр) Құранның бірінші аяты Мұхаммед пайғамбарға түскен түн боп саналады. Айдың нақты қай түні екені белгісіз болғанмен, рамазанның соңғы он түнінің бірі болып есептеледі.қасиетті түн. Ораза (Рамазан) айының соңғы он күнінің бірінде болады. Бұл түн туралы Құран Кәрімнің “Қадір сүресінде” айтылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде түсірілгендігі, оның мың айдан қайырлы екендігі, бұл түнде Жәбірейіл періште Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіндігі және таңға дейін тыныштық болатындығы айтылады. Қадір түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатындығына байланысты мұсылмандар Қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады. Кейбір риуаяттарға қарағанда Қадір түні. Рамазан айының 27-ші түні, дегенмен Қадір түнінің дәл қай түн екені белгісіз. Сондықтан тақуа кісілер Ораза айының соңғы он түнін түгелдей құлшылықпен өткізеді.

Қадір түні - бүкіл адамзатқа Құран түсе бастаған ерекше қасиетті түн. Араб тіліндегі «қадр» сөзі «мән-маңыз» және «өлшем» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар бұл сөз «құдырет» мағынаны да қамтиды.

Қадір түнінің қасиетін жұмыр басты пенде өз ақылымен біле алмайды. Сондықтан оның қадір-қасиетін Жаратушымыздың өзі «Қадір» сүресінде: «1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады», - деп баяндайды.

Сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Аллаһ Қадір түнін үмбетіме сый ретінде тарту етті, бұл бұрынғы үмбеттерге берілмеген» деп, бұл сыйдың қадірін білуге шақырады. Тағы бір хадисінде: «Кімде-кім сауабын тек қана Аллаһтан күтіп, ықыласпен сол түнді ғибадат жасаумен өткізсе, күнәлары кешіріледі», - дейді. Сондықтан мүмкіндігінше, әрбір пенде Қадір түнінде берілетін сыйдан мақұрым қалмауға тырысуы керек. Ол түнді бос өткізбей, дәрет алып, екі бас болса да намаз оқып, Аллаһ Тағаланың шексіз мейірімінен шын жүректен сұрап, дұға еткен жөн.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Басқа уақыттарда әрбір жақсылықтың сауабы он есе болса, ережеп айында жүзден асады. Шағбанда үш жүзден асып, Рамазанда мың есеге артады, жұма түндері мың еседен асып, Қадір түнінде отыз мыңға дейін жетеді», - деген.

Тағы бір хадисте: «Рамазан айы бойынша ақшам және таң намазын жамағатпен оқыған адам Қадір түнінен көп несібе алады», - деген.

Қадір түні Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) үмбетіне деген терең сүйіспеншілігінен туындаған дұғасының құрметі үшін қабыл болған. Имам Маликтің «Муатта» атты еңбегінде риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) алдыңғы үмбеттердің өмірлері көрсетілгендігі айтылған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) сол сәт: «Ұзақ өмір сүрген осы үмбеттер жасай алмайтындай амалдарды менің үмбетіме аз уақыт жасай алуды нәсіп ете гөр», деп дұға жасағанда, Аллаһ Тағаланың мың айдан қайырлы осы Қадір түнін нәсіп еткендігі баяндалған. (Қадір түні мың айға тең деп Құранда айтылған бұл сан есеп бойынша 83 жыл, 4 айға тең келеді).

Бірде Айша анамыз Пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Уа, Аллаһтың елшісі! Егер Қадір түніне жетсем қандай дұға оқиын?», - деп сұрағанда, Ол: «Аллаһумма, иннәкә афуун, тұхиббул афуа, фаафу анни» (Уа Аллаһ! Сен тым кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, мені де кешіре гөр!), деп дұға ету керектігін үйреткен.

Қияметте Аллаһ Тағала хикметімен емес құдіретімен амал етеді. Сол сияқты Қадір түнінде де Аллаһ Тағаланың құдіреті үстем болады. Ол түннің қадірін білгендерге Аллаһтың мейірімі мен берекесі жауады, ал одан құр қалмау адамның рухани сергектігіне байланысты.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) үйреткендей, мұсылман баласы әрбір ісіне өзіне берілген ең соңғы мүмкіндік секілді қарай білуі керек. Сол себепті Қадір түнін енді көрем бе, көрмеймін бе, дегендей өте бір мұқияттылықпен өткізгені жөн.

Құдыреті шексіз Раббымыз үмбетіне рақымдылық қалағандықтан, Қадір түні Рамазан айының қай түні екенін ашық айтпаған. Бұл сынақ әлемінде мүміндер ұдайы Аллаһтың разылығын іздеп, құлшылық жасасын деген мақсатпен Жаратқан иеміз бұдан да басқа өте маңызды нәрселерді құпия қылған. Мәселен, өмірдегі ажал белгісіз, адамдар арасындағы әулиелер белгісіз, көркем есімдерінің арасында Аллаһтың ұлық есімдері белгісіз, жұма күнгі дұғаның қабыл болатын уақыты белгісіз, күллі құлшылықтың ішінде Аллаһтың разылығы қайсысында екені, дәуірлердің ішінде қияметтің қашан екені, Рамазан айында Қадір түнінің қай түн екені белгісіз. Сонымен қатар Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) бұл түннің Рамазанның соңғы он не жеті күніндегі (21, 23, 25, 27) тақ күндердің бірінде екенін айтқан. Алайда ислам ғұламаларының көпшілігі оның 27-інші түн екендігін мақұлдаған әрі бүкіл мұсылман әлемі бұны осылайша қабылдаған. Әрине бүкіл жұртшылық осылай сеніп, осылай қабыл еткен болса, Аллаһ Тағала да миллиондаған құлдарының ниетін қабыл етіп, ол түнді шын мәнісіндегі қадір түні етер, иншаллаһ.

Арабшадағы «Қадр» сөзі қадірін білу деген мағынаны да қамтиды. Олай болса, қадірім артсын десеңіз, бұл түннің қадірін біліңіз. Бұл түні таң ағарып атқанға дейін Аллаһ Тағаланың мейірімі төгіліп тұрады.



Тарауих

Рамазан айының әр түнінде сегізден жиырма ракатқа дейін оқылатын қосымша намазды тарауих деп атайды.  Рамазан айында құптан намазынан кейін жамағат болып оқитын намаз. Тарауих намазы сауабы орасан зор сүннет амалдардың бірі болып саналады. Имамға ұйыған жамағат немесе жеке адам, құптан намазынан кейін 20 рәкәғат тарауих намазын оқиды.

Тарауих намазына көбінесе қарилар имамдық етіп, 30 күн бойы 30 пара Құран хатым етіліп, яғни Құран Кәрім бастан-аяқ оқылып, сауабы дүниеден өткен аруақтарға бағышталады. Әр екі бас намаздан немесе 4 рәкәғаттан соң көпшілік болып дауыстап қосыла тарауық тәспілері оқылады.


Айт мейрамы

Айт мейрамы (арабша: عيد الفطر) рамазан айы аяқталып, келесі айдың басталуын білдіреді. Ораза ұсталатын Рамазан айынан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні, мұсылмандардың маңызды діни мейрамы. Исламдағы екі айт мейрамының бірі. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен айт намазын оқиды. Ораза ұстауға тыйым салынған күн