Көпқабатты тұрғын үйдің шатырын есірткі жылыжайына айналдырған тұрғын ұсталды

166
Оралда 9 қабатты үйдің шатырын жылыжай жасап, қарасора өсірген азамат ұсталды деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Жылыжайдың иесі 39 жастағы көпқабатты үйдің тұрғыны болып шықты. Тінту кезінде 8 бақша құмырасы, қарасора мен тыңайтқышқа ұқсас өсімдіктер тәркіленді. Жасырын бөлме қабырғалары фольга, пластикалық материалмен қапталған, жылу, жарықтандыру және желдету жүйесі жүргізілген, - делінген полиция хабарламасында.


Күдіктінің айтуынша, ол құрал-жабдықтар мен тұқым, марихуана өсіруге арналған бейне нұсқаулықты Telegram желісі арқылы тапсырыс беріп, алдыртқан. 

Қазір аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодекстің 300-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.