Қалалық мәдени және демалыс паркінің жазғы маусымға дайындығы пысықталды

304

Қалалық мәдени және демалыс паркінің жазғы маусымға дайындығы пысықталды,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Бүгін қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов қалалық мәдени және демалыс паркінің жазғы маусымға дайындығын тексеріп, парк аумағында қызмет көрсетуші жеке кәсіп иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аралау барысында демалыс орнын күтіп ұстау, оның ішінде көгалдандыру, қауіпсіздік шараларын сақтау, жасыл-желектерді қадағалау мәселелерін алдыңғы кезекке қою керектігін айтып өтті.

Айта кету керек, 1 мамыр бірлік мерекесіне орай қалалық мәдени және демалыс паркінің маусымдық ашылу салтанаты өтеді.

1 мамыр - татулық пен келісімнің нышанына айналған Қазақстан халқының бірлігі мерекесі күні қарсаңында жылдағы дәстүрге сәйкес қала тұрғындары мен қонақтарына арналған әсем де жайлы демалыс орындарының бірі қалалық демалыс паркінің маусымдық ашылуы ұйымдастырылды.


 Қалалық демалыс паркінің ашылуына орай, қайта жандану жұмыстары аясында ертегі кейіпкерлері мүсіндері қайта қалпына келтіріліп,  көптеген ағаш көшеттері отырғызылып, отбасылық және балаларға арналған жаңа аттракциондар мен ойын автоматтары орналастырылды. Қазіргі таңда қалалық демалыс паркінде 100-ден аса түрлі ойын-сауық құрылғылары мен аттракциондар демалушыларға қызмет көрсетуге дайын.

Айта кететін жәйт, қаламыздың ірі жеке кәсіпкерлері көмегімен парк аумағында жабық ғимараты бар шағын-футбол алаңының құрылысы жүргізіліп, арнайы автотұрақ салынып, жақынарада пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Жалпы бұрын қалалық паркте сағатына 2 190 адамға қызмет көрсетілетін болса, бүгінде 5 860 адамға қызмет көрсету мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр.

Биылғы жылы да қалалық паркті заман талабына сай жетілдіру жұмыстары жалғасын табатын болады. Осы мақсатта облыс әкімінің қолдауымен 209 млн. теңге қаржы бөлініп, 3 аттракцион орнату жоспарлануда.

Қалалық демалыс паркі кезекті маусымын ашты. Саябақ бірнеше жаңа аттракцион мен түрлі ертегі әлемінің композициялармен  толыққан.

Қалалық мәдени-демалыс паркі су жаңа 4 аттракционмен толығып, маусымның ашылуында қырықтан астам аттракцион қызмет көрсетуді бастады. Балалардың ойын алаңқайы да толық  жөндеуден өткен. Ертегі кейіпкерлерінен композициялар қойылып, жаңадан сауда дүңгіршектері ашылды.  Алдағы уақытта  футбол ойынына арналған алаң іске қосылмақ.

Әнуар Нақып  – қалалық мәдени-демалыс паркінің директоры

Мерекеге орай  облыстық филармонияның ұйымдастырумен ашық аспан астында  концерт болды. Жергілікті өнерпаздар тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жаңа маусымда демалыс саябағының жаңалығы көп болмақ. Алдағы уақытта тұрғындар үшін  бірқатар акциялар ұйымдастырылмақ,  дейді парк ұжымы.