Ираннан Ақтау қаласына 53 отандастарымыз келді

401
Қыркүйек айының 15 жұлдызында таңертеңгі уақытта Маңғыстау облысына Ираннан 53 отандастарымыз келді деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ақтау әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақовтың сөзінше, этникалық қазақтар Горган қаласынан келген. "Олар 2-3 күн Ақтауда, уақытша жатақханада болады деп жоспарлануда. Оларға барлық жағдай жасалған. Содан кейін Нұр-Сұлтан арқылы Солтүстік Қазақстан облысына барып, сонда тұрақтайды", - деді Байпақов.

Жалпы Маңғыстауға 20 отбасы келген. Тарихи Отанына оралғандар арасында Хадиша Адай да бар. "Мен Түркіменстанда өмірге келдім. Бірақ жұмысыма байланысты Бонджнурд қаласына кетуге мәжбүр болдым. Онда 20 жылдан астам уақыт тұрдым. Мен және менің үлкен отбасым тарихи Отанымызға келдік. Біз бақыттымыз. Жақсы қарсы алғандарыңыз үшін рақмет", - дейді келіншек. Ираннан қоныс аударған қандастар мемлекттік квота бойынша Солтүстік Қазақстан облысына орналастырылады. 
Еске сала кетсек, бұған дейін Ауғанстаннан Алматыға 35 этникалық қазақ келген еді. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.