Мектеп қабырғасында тағы бір оқушы зорлықтың құрбаны болды
1 609
"Facebook" әлеуметтік желісінде белгілі жамбылдық журналист Нұрадин Рақай жағаұстатарлық жағымсыз жаңалықпен бөлісті. Журналистің айтуынша, Жаңатас қаласындағы мектептердің бірінде тағы бір оқушы қыз зорлықтың құрбаны болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
"Мына жайсыз хабардан ұстайтын жаға қалмады. Мектеп қабырғасында тағы оқушы зорланған. Бұл білім ұясында өткенде ғана жетінші сыныптағы қыз жүкті болып, бір жыл бүркемеленіп ашылған еді. Жалғыз күдіктімен іс жабылып тынған. Күні кеше 11-сыныптың баласы төменгі сыныптың оқушысына азғындық жасағаны анықталды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, айуандық әрекетке барған жасөспірім қамауға алынды. Білім басқармасы қатаң сөгіс алыпты дейді. Сарысу ауданы, Байқадам ауылындағы мектеп интернатында оқушылар жатып оқиды. Құдай сақтасын, жәбірленушілер көп болмағай", - деп жазады Нұрадин Рақай.
Бұл деректі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанғазы Ахмет те растады.
"Сарысу ауданының білім бөлімі Сарысу ауданының прокуратурасына кәмелетке толмағандардың бірінің осы аудандағы басқа оқушыға жасаған зорлық-зомбылық әрекеттері туралы хабарлады.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасы бойынша облыстық білім басқармасының жауапты лауазымды тұлғалары жедел түрде ауданға барды.
Бүгінгі таңда Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов пен Жамбыл облысының білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов бақылау жұмыстарының әлсіздігі үшін "қатаң сөгіс" түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Облыс әкімі басқа да кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарауды, сондай-ақ жалпы білім беру мекемелеріне кешенді тексеріс жүргізуді тапсырды", - дейді Жанғазы Ахмет.