Балабақшадағы 3 жасар бала кәріз құдығына түсіп көз жұмды

1 675

Алматы облысында үш жасар бала балабақшадағы кәріз құдығына түсіп қайтыс болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


13 қыркүйек сағат 13:08 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылында үш жастағы бала балабақшаның бірінің аумағында ашық кәріз құдығына құлаған.  Ол ауылдық ауруханада мерт болды.


“Аталған дерек  ҚК 141-бабының 2-бөлігі “Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау”  бойынша полицияда тіркелді.


Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын толық, объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде”, – деп Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов мәлімдеді.


Тергеу барысын Әленов жеке бақылауына алғанын мәлімдеді. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.