Экс-әкім адам ұрлау ісіне қатысы бар деген күдікке ілінді

1 525

Фото: gov.kzҚазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі Жансейт Қайнарбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Редакция шенеунікке қатысты қылмыстық істің бар-жоғын анықтау үшін ҰҚК-ге ресми сауал жолдады. Ведомство тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын растады.

– Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті сіздердің сауалдарыңызды қарастырды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз, – делінген бөлім басшысы О. Бектенов қол қойған ресми жауапта.

Арнайы қызмет тергеу құпиясына сілтеме жасап, істің мән-жайын жарияламады.

Бұған дейін Telegram-арналар мен әлеуметтік желілерде Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі Жансейіт Қайнарбаевтың алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен бірге адам ұрлауға қатысы болуы мүмкін деген ақпарат тараған. Ол қызметінен босатылып, Қарақия ауданының әкімі болып тағайындалғанына бір ай да толмаған еді.

Тараған мәліметке сәйкес, Ақтауда бір адамды күштеп Lexus 600 көлігіне отырғызып, қала сыртына алып кетпек болған. Алайда оның қандай мақсатпен ұрланғаны әзірше белгісіз.

Қайнарбаевтың бұл іске қатысы бар-жоғы және қатысы болса, қандай рөл атқарғаны туралы ресми органдар түсінік берген жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.