Президент әскерде қаза тапқан маңғыстаулық сарбаздың өліміне қатысты жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды

371
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығында маңғыстаулық сарбаз Әлібек Саламатұлы Қалбайдың қаза болуына байланысты жақындары мен туыстарының орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің пікірінше, бейбіт күнде әскердегі сарбаз қаза болмауға тиіс. Ата-ана баласын әскерге жібергенде оның қауіпсіздігі үшін алаңдамауы керек. Бұл – мемлекетіміздің мойнына алған міндеті. Мемлекет басшысы осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жауынгердің өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды.

 Айта кетейік, қатардағы жауынгер Әлібек Қалбай 22 сәуір күні Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде көз жұмған еді. Тағы да