Отандық қызанақтардан вирус табылды

718

Қазақстаннан Ресейге импортталған 18 тонна қызанақтан вирус анықталды, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өткен аптада Қазақстаннан Ресейге келген 18 тонна қызанақтан карантиндік ToBRFV зиянды вирусы табылды. Бұл жағдай зертханалық сараптама нәтижелерімен расталған.


Мұндай өнімді қолдануға болмайды, сондықтан оны одан әрі пайдалану немесе жою туралы шешім қабылданғанға дейін ол оқшауланған қоймада болады.


Заңнама талаптарына сәйкес өнімді қабылдап алған тарап мұны зарарсыздандыру керек немесе оны жоюға міндетті. Осы рәсімдерді жүргізу мүмкін болмаған жағдайда таза емес өнім қадағалау органдарының бақылауымен еліне қайтарылады.


2023 жылы Алтай өлкесі бойынша Россельхознадзор басқармасының инспекторлары Қазақстаннан келген  қызанақтан осы вирусты үш рет тапқан. 51 тоннадан астам өнім таза емес болып шықты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.