Әскери институтта 1 курс курсанты қаза болды

1 931
Алматыда Құрлық әскерлерінің әскери институтында курсант қайтыс болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Қорғаныс министрлігінің мәліметінше көз жұмған курсант 1-курста оқыған. 

2023 жылғы 3 наурызда Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауыл постында 1-курс курсантының мәйіті табылды, – делінген хабарламада. 

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Сонымен қатар оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілген. 

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды, – деп қосты министрлік өкілдері. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.