3 көлік соқтығысып, 2 адам көз жұмған
Астанадағы көпірде үш автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмған. Қайғылы жағдай сәрсенбі күні кешкі уақытта тіркелген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі апаттың мән-жайын түсіндірген.
Ведомство мәліметінше, Toyota маркалы көліктің жүргізушісі Сарайшық көшесімен Түркістан көшесі жағынан келе жатып, көпір үстінде рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Соның салдарынан қарсы бетте тікелей бағытта қозғалып келе жатқан Lada және Skoda көліктерімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан екі адам қаза тапқан. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.







