Әскери институтта сержанттың мәйіті табылды

1 162

Фото: gov.kzАлматыда орналасқан Құрлық әскерлері Әскери институты сержанттың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әскери институттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қыркүйекте институттың инженерлік қалашығының аумағында 1980 жылы туған келісімшарт бойынша әскери қызметшінің денесі табылды.

"Алдын ала себеп бойынша, әскери қызметші өз-өзіне қол салған. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу шаралары жүргізілу үстінде.Құрлық әскерлері Әскери институтының басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.