Жүкті келіншек 18-қабаттан секіріп кеткен

1 557

Pixabay.comАлматыда Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешенінде жүкті келіншек 18-қабаттан секіріп кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі  Qaz365.kz порталына сілтеме жасап.


Деректерге сай оқиға 1 наурызда сағат 12.20 шамасында, Алмалы ауданындағы "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде болған. Кейін оның бейнежазбасы желіде таралып кеткен. 


Видеода жедел жәрдем қызметкерлері мен өтіп бара жатқан адамдар асфальтта жатқан келіншектің жанына жиналған. Ал жазба сипаттамасында жүкті әйелдің 18-қабаттан секіргені және екіқабат екені айтылған.


Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған, ал мән-жай әлі де анықталуда.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.