Қызылордада бизнеске қысым: 1300-ден астам тексерудің жартысы негізсіз болған

1 555

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасыЖыл басынан бері Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасына 321 өтініш түскен. Олардың басым бөлігі мемлекеттік сатып алу, құрылыс, сәулет және ауыл шаруашылығы салаларындағы бизнестің құқықтарын қорғауға қатысты болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өтініштердің 36%-ы оң шешімін тауып, кәсіпкерлердің 1,4 млрд теңге көлеміндегі мүліктік құқықтары қорғалды, деп хабарлады өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық.

«Сарапшыларымыз жыл басынан бері 14 сот процесіне қатысты. Соның 12-сі кәсіпкерлердің пайдасына шешілді. Нәтижесінде 93 млн теңге көлеміндегі қаражат сақталып қалды», – деді ол.

Палата мамандарының талдауынша, 49 жағдайда мемлекеттік органдар кәсіпкерлерден заңда қаралмаған қосымша құжаттар сұратқан. Ал 47 арыз бойынша өтініштерге салғырт қаралған. Сондай-ақ өтініштердің 40%-ы кәсіпкерлердің заң талаптарын толық білмеуінен туындайды.

Жыл басынан бері өңірде кәсіпкерлік нысандарына 1 344 тексеру жүргізілген. Оның жартысынан астамы негізсіз болғаны анықталды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.