Жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан сайт анықталды

287

Прокурорлар сәбилерді сату туралы хабарландырулар орналастырылған шетелдік сайтты анықтады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматы қалалық прокуратурасының мәліметінше, сайтта жаңа туған нәрестелерінен бас тартқысы келетін жас әйелдердің және балаларды асырап алғысы келетін адамдардың хабарландыруы жарияланған.

Осыған байланысты Алатау ауданының прокуроры сотқа сайтты заңсыз деп тану және оның Қазақстан аумағындағы қызметін тоқтату туралы өтінішпен жүгінді.

Сот қадағалау органының өтінішін қанағаттандырды. Материалдар Қылмыстық кодекстің 128-бабында көзделген қылмысты жасау, яғни адам саудасы мәніне тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына жіберілді, - деп жазылған хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.