Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті
Аймақ басшысы берілген тапсырмалар бойынша атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады.
Еске салайық, Үкімет делегациясының Сыр еліне жұмыс сапары кезінде Тамара Дүйсенованың қатысуымен аймақтың даму көрсеткіші сараланған жиын өтті. Жиында «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды. «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауыл халқының әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік мәселелерін шешу. Жылдық 2,5 пайызбен берілетін жеңілдетілген несие азаматтарға идеяларын жүзеге асыруға, өз ісін ашуға және ауылдағы жұмыссыздықты азайтуға мүмкіндік берді. Аймаққа өткен жылы республикалық бюджеттен жобаны қаржыландыруға 3 млрд теңге бөлінсе, биыл 4 млрд 600 млн теңге қаржы қаралуда. Барлығы 411 жоба несиелендіріліп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосты.