72 млн теңгенің газ құбырлары ұрланған
Жетісу облысы Ақсу ауданында 72,5 млн теңгенің газ құбырлары ұрланған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
ІІМ-нің мәліметінше, полицияға «Транс Азия Констракшн» ЖШС директоры арызбен жүгінген. Оның айтуынша, белгісіз адамдар Алматы – Өскемен тас жолының Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасындағы учаскесінде орнатылып жатқан 27 бірлік газ құбырын ұрлап кеткен. Магистральдық газ құбырының құрылысы Талдықорған – Үшарал тас жолында жүргізіліп жатыр. Оның құны 131,7 млрд теңгеге бағаланған. Жоба 302 км газ құбырын салуды, алты автоматтандырылған газ тарату станциясын орнатуды және жалпы халқы 124 мыңға жуық 66 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге бағытталған.
Күдікті ретінде Алматы облысының тұрғындары ұсталды. Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.