Дина Таңсәрі Черногориядан пана сұрады - Бас прокуратура

1 502

Фото: t.me/dina_tansariБас прокуратура Дина Таңсәрі Черногориядан баспана сұрағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, 15 сәуірде Черногория соты Дина Таңсәріні осы елден баспана сұраған өтініші қаралмағандықтан қамаудан босатқан.

"Қазақстан Республикасы мен Черногория Республикасы арасында ұстап беру туралы халықаралық шарт болмағандықтан, оны экстрадициялау туралы шешімді Черногорияның құзыретті органдары ұлттық заңнамасына сәйкес қабылдайды", - деді Бас прокуратура өкілдері.

Қазір Қазақстанда Дина Таңсәріге қатысты қылмыстық іс бойынша соталды тергеу мерзімдері тоқтатылған. Артынша Черногория билігі "НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәріні (Динара Смайылова) қамаудан босатты. Тергеу деректеріне сүйенсек, Динара Смайыловаға қатысты алты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол алаяқтық, жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу және жалған ақпарат тарату бойынша күдікке ілінген.

Сот оны аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп сырттай күдікті деп танып, оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.