СҚО-да 15 жастағы оқушыны көлік қағып кетті

191
СҚО-да 15 жастағы оқушыны көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 27 желтоқсанда сағат 8:20 шамасында Шал ақын ауданында болған.

«Ыбыраев ауылындағы Центральная көшесінде Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі 2007 жылы туған 10-сынып оқушысын қағып кетті. Автокөлік жүргізушісі зардап шеккен кәмелетке толмаған қыз баланы Шал ақын аудандық ауруханасына жеткізді. Кейін жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада.

Медициналық куәландыру актісіне сәйкес жүргізушінің мас болмағаны анықталды.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін материал жиналып жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.