Орыс тілінде ғана қызмет көрсеткісі келген әйел айыппұл арқалады

1 337

Фото: Ulysmedia.kzАталған жайтқа байланысты қалалық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотта ұсақ бұзақылық дерегі бойынша іс қаралған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Павлодар соты дүкенге "Тек қана орысша қызмет көрсетеміз" деген жазуды іліп, оны әлеуметтік желіге жүктеген әйелдің ісін қарады.

Айыпталушы хабарландыруды 16 қаңтар күні Лермонтов көшесіндегі дүкеннің кіреберіс есігі мен витринасына жабыстырған. Сот шешімімен ол 55 048 теңге айыппұл арқалады.

Себебі, әйел қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, басқаларға құрметсіздік танытатын әрекеттер жасаған.

Тұрғынның кінәсі оның айтқан сөзімен, куәгерлердің айғақтарымен, бейнежазбамен, сондай-ақ істің басқа материалдарымен дәлелденіп отыр. Әйел өз кінәсін толық мойындайтынын және өкінішін білдіргені белгілі болды. 

Сот ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әйел адамды кінәлі деп таныды. Оған 55 048 теңге сомасында айыппұл тағайындалды, – деп хабарлады қалалық сот. 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.