Үш жасар бала балабақшада сорпаға күйіп қалды

2 158

Оралда Балбөбек балабақшасында 3 жасар бала ыстық сорпаға күйіп қалды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазір істің мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Бала сол бойда ауруханаға түскен. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Басы, кеуде тұсы, аяқ-қолы жалпы денесінің 25 пайызын күйік шалған. Жазатайым оқиға бойынша іс қозғалды.


Келген кезде жағдайы өте ауыр болды. Беті, алдыңғы кеуде қабырғасы, екі аяқ басы, екі саны, шатарал аймағы ІІ-ІІІ дәрежелі күйікпен келіп түсті. Қазіргі таңда науқастың жағдайы ауырлықта. Керек ем-жарақтары, шоковый жағдайдан шығу сатыларынан емін алып жатыр, - дейді Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы травматология бөлімінің басшысы Болат Әлібаев.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.