Қыздарға дөрекілік көрсеткен екі шетелдік қамауға алынды
Алматыда екі шетелдік әлеуметтік желідегі пікірі үшін 15 тәулікке қамалған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Медеу ауданы полиция басқармасына қарасты бөлімде екі шетел азаматына қатысты әкімшілік іс қозғалған.
Қазақ қыздарына қатысты жазба Threads желісінде пайда болған.
Алматы қаласының Полиция департаментінде интернет кеңістігі жауапсыздық аймағы емес екені атап өтілген. Әлеуметтік желілердегі пікірлер мен мінез-құлық қоғамдық орындардағы әрекеттер сияқты дәл сондай құқықтық бағалауға жатады.
Полиция азаматтығына және қарым-қатынас форматына қарамастан, заң талаптарын сақтауды және өзара сыйластықпен сөйлесуді еске салады.







