72 млн теңгенің газ құбырлары ұрланған

1 379

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comЖетісу облысы Ақсу ауданында 72,5 млн теңгенің газ құбырлары ұрланған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

ІІМ-нің мәліметінше, полицияға «Транс Азия Констракшн» ЖШС директоры арызбен жүгінген. Оның айтуынша, белгісіз адамдар Алматы – Өскемен тас жолының Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасындағы учаскесінде орнатылып жатқан 27 бірлік газ құбырын ұрлап кеткен. Магистральдық газ құбырының құрылысы Талдықорған – Үшарал тас жолында жүргізіліп жатыр. Оның құны 131,7 млрд теңгеге бағаланған. Жоба 302 км газ құбырын салуды, алты автоматтандырылған газ тарату станциясын орнатуды және жалпы халқы 124 мыңға жуық 66 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге бағытталған.

Күдікті ретінде Алматы облысының тұрғындары ұсталды. Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.