2 жасар баланы жылқы теуіп өлтірген
1 609
Батыс Қазақстан облысында 2 жасар баланы жылқы теуіп өлтірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқыс оқиға 30 маусым күні Бәйтерек ауданы, Щапов ауылында орын алған. Тұрғындардың айтуынша, үйінің есігінің алдында жүрген баланы жылқы тепкен. Оқиғаны көрші әйел көрген. Баланы ата-анасы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізгенімен, аман алып қала алмаған. Бүлдіршін бүгін жер қойнына тапсырылды.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы тексерілуде.
Щапов ауылдық округінің әкімі мен аудандық полиция бөлімі ақпаратты растады.
Тағы да оқыңыздар
Ауыз су сапасы бақылауда
1 220