Қазақстандықтар келесі жылдан бастап бұрынғы басшылары туралы жаман пікір жазып кете алады
2025 жылдан бастап HR Enbek порталына тіркелген адамдар бұрынғы басшылары туралы қандай да бір пікір жазып кете алады. Сол сияқты, жұмыс беруші де жұмыстан кеткен адамға қатысты пікір жаза алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Пікірді тек жұмыстан кеткендер ғана емес, әлі жұмыс істеп жүрген адамдар да жаза алады. Және жұмыс беруші де қол астында әлі жұмыс істеп жүрген қызметкер туралы пікірін білдіруге құқылы.
Enbek.kz электрондық еңбек биржасының порталындағы бұл пікірлер 2025 жылдан бастап көрінеді.
Қаз
Рус






