ШИЕЛІДЕ АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

1 175

Фото: Шиелі аудан әкімдігіМедицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Шиелі аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған мерекелік жиында ақ халатты абзал жандардың еңбегі еленіп, марапаттар табысталды.

Шара барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков пен Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов сала үздіктеріне алғыс білдіріп, жылы лебізін жеткізді. Мерекелік шарада "AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының Алғыс хатымен бірқатар дәрігерлер марапатталды.

"Медицина – асқан жауапкершілікті, кәсіби шеберлікті және жанқиярлықты талап ететін сала. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, дәрігерлердің еңбегін бағалау – біздің басты міндетіміз," – деді аудан басшысы.

Шара соңында өнерпаздар тарапынан мерекелік концерт ұсынылып, кешке келгендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.