Бұралқы иттер өлтіріледі: Мәжіліс заңды қарауға алды
Мәжіліс жалпы отырысында депутаттар бұралқы иттер мен иесіз қалған жануарларды өлтіруді көздейтін заң жобасын қарауға алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Депутат Еділ Жаңбыршин "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын маңызды тұсын түсіндірді. Құжат Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген.
Заңда мынадай нормалар бар:
- Жануардың иесіне оны далаға тастамай, уақытша ұстау орнына өткізуді міндеттеу;
- Жануарлар агрессия танытып, шабуыл жасаған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың осындай оқиғаларға шұғыл ден қою шараларын ұйымдастыру міндетін белгілеу;
- Жануарларды есепке алудың бірыңғай электронды базасын орталықтандыру;
- Жануарды уақытша ұстау орнына орналастырғанға дейін жануардың иесіне одан бас тартуға тыйым салуды белгілеу;
Еділ Жаңбыршин заңда бұралқы иттер мен иесіз қалған жануарларды өлтіруді көздейтін норма барын атап өтті.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов заң жобасын тезірек қарауға тапсырма берді.