Қызылордалық полицейлер жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді

202
Қызылордалық полицейлер “Квадрат” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, – деп хабарлайды Opennews.kz акпарат агенттігі.



Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлерімен Ақсай полиция бөліміне қарасты №7 УПП әкімшілік аумағында “Квадрат” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында полицейлер күшейтілген режимде жұмыс жасады. Профилактикалық іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, патрульдеуді жүзеге асыру, профилактикалық есепте тұрған адамдарды тексеру, шағын және орта бизнес иелеріне заңмен белгіленбеген уақытта алкоголь өнімін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хабарламалар тарату, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болу фактілерін анықтау.

Тұрғындардың мекенжайларын аралау кезінде осы әкімшілік аймаққа жауапты учаскелік полиция инспекторларының аты-жөндері, қызметтік және ұялы байланыс телефондары көрсетілген визиткалар таратылды.

Іс-шараның бір күнінде 11 әкімшілік хаттама рәсімделді. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі бойынша төрт дерек; ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша үш дерек анықталды. Сондай-ақ ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша екі дерек, ӘҚБтК-нің 73-бабымен бір дерек, ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігімен бір хаттама рәсімделді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.