Сыр елінің жұмысшылары жалақысын уақытылы алып жүр ме?

337
Биылғы жылдың соңғы сегіз айында облыстық еңбек саласын бақылау басқармасы әр түрлі меншектегі 104 мекеме мен кәсіпорындарға тексеріс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 8 кәсіпорынның 1911 жұмыскеріне 209,6 млн.теңге жалақы қарызы берілген деп хабарлайды "Opennews.kz"  ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық еңбек саласын бақылау басқармасының басшысы Төреахмет Жолымбетов мәлімдеді.
«Облыс бойынша қазіргі таңда үш айдан астам жалақыдан қарызы бар мекемелер тіркелмеген. Жыл басынан бері басқармалармен жеке және заңды тұлғалардың 539 өтініштері қаралып, белгіленген тәртіппен тиісті жауаптар алынды. Кәсіпорындар мен мекемелерде жалақы төлемін кешіктіру фактілері анықталған жағдайда, дереу әрекет ету шаралары қолданылады. Бұл кәсіпорындардағы мәселелер мемлекеттік кірістер департаментінің бақылауында. Жоспардан тыс тексерулер мен жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп – тексеру барысында 20 кәсіпорында 1230 – ге жуық жұмыскерлермен ақпарттық-түсіндірме жұмыстары жүзеге асырылды. Аймақта басқа мемлекеттің жұмыс күші тартылған 3 кәсіпорында 9 заң бұзушылық анықталып, оларды жою бойынша 2 нұсқама берілген. Сондай-ақ, облыстағы басқармамен өндірістік жарақаттану жағдайлары мен еңбек қауіпсіздігінің жай-күйіне тоқсан сайын талдау жүргізілуде. Есепті кезеңде 7 кәсіпорында 1007 жұмыс орындары еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізілген», -деді Төрахмет Сайлаубайұлы.
Басқармамен жұмыс берушілерге «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы аясында қабылданған «Еңбек шарттары есебінің бірыңғай жүйесі» атты автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жұмыскерлердің еңбек шарттарының электронды түрде тіркеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі кеңінен насихатталуда. Нәтижесінде, биылғы жылы аталған жүйеге облыстағы 2066 субъектілердің 23 746 жұмыскерлерінің еңбек шарттары тіркелген.