Желідегі видео үшін орталық қызметкері кешірім сұрады

1 460

«Қызылордада №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басы дауға қалды», - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Даудың басы әлеуметтік желіге Перизат Болатқызының №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Бейсембина Роза Саттарқызының жұмыс барысында өткізген жиналысының видео  үзіндісі  жариялаған болатын. Осы орайда, орын алған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы  Қалмақова Гаухар Амангелдіқызы – ның ұйымдастыруымен «Самұрық» инновациялық идеялар дамыту орталығының директоры Жандос Тусмагамбетов пен «Нұр Отан» партиясының саяси бөлімінің жетекшісі Гаухар Исмаилова және де әлеуметтік қамтамасыздандыру сала мамандарының арнайы аталған орталыққа атбасын бұрып, жұмысымен танысып, ұжым қызметкерлерімен кездесіп, орын алған мәселе талқыланды.  

Қазіргі таңда стационарда 379 қызмет алушы бар. Орталық  6 –бекетке бөлініп, арнайы емделушілердің мінез-құлықтарына сай бейімделген. 18 жастан асқан қызмет алушылардың 1 топ мүгедегі - 45, ал 2-топ мүгедегі - 335 адам болып отыр. Орталықта тігін шеберханасы мен шаштараз, арнайы дене шынықтыру залдарымен жабдықталған.



«5 уақыт тамақтанамыз. Арнайы концерттерде ән айтып, флэш-моб биін билейміз. Біздің күтіміміз жақсы, шағымымыз жоқ»,-дейді емделушілердің бірі.

№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Роза Саттарқызының қызмет барысында орын алған оқыс оқиғаның салдарын шешу барысында өз диалектінде қолданылған сөздеріне шын ниетпен кешірім сұрайтындығын жеткізді.

Расында аса қадағалауды талап ететін емделушілердің басым көпшілігі неврологиялық дертке шалдыққандар екендігін ұмытпаған абзал. Десек те, қоғамның осал топтарына арнайы жіті бақылауда ұстап, қоршаған ортаға не өзіне зұлымдық жасамау шараларын басты назарға алған №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы Айгүл Шамшатова: «Алдағы жылы орталыққа  157 видео камераға тапсырыс берілді. Бұл дегеніміз енді біздің қызмет алушыларымызды толығымен арнайы камерамен бақыланатын болады. Біз қызмет алушыларды ерлер және әйелдер бөлімі деп бөлеміз. Қазіргі кезде 86 қызмет алушының туған-туыстары жарияланбаған, ал 293 қызмет алушының туыстарымен тығыз байланыстамыз»,-деді.

Үстіміздегі жылға орталыққа мемлекет қорынан  997,3 миллион теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде азық-түлікке 120, 8 миллионғ дәрі-дәрмекке – 15,1 миллион қарастырылған. Ал қазіргі уақытта 73,2 миллион  теңгеге киім-кешекпен қамтамасыздандыру қолға алынған.

Ал, әлеуметтік желіге жарияланған ақпарат негізсіз деп танылып, байырғы қызметкерлердің жала жабуы деп танылған. Десек те, емделушілердің бірі өз-өзіне қол жұмсамақ болған деген дерек расында тіркелгендігі анықталды.

Сонымен қатар, мекеме қызметкерлері жоғарыдан тексеріс келді дегеннен демалыста жатқан қызметкерлердің барлығы дерлік жиналып, бірауыздан басшылықтың атқарып жатқан қызметтеріне көңілі толатындығын, емделушілердің өңі бері қарағандығын, бойына ет жинап, толыққандығын, қызмет алушылар үшін барлық жақсы жағдай жасалып жатқандығын тілге тиек етіп, байырғы күнімізбен салыстырғанда барлық жасалып жатқан жақсы да игі істердің бастауы осы басшылық кезінде орын алып жатқандығын жасырмады.

Видео жазбадағы дөрекілік танытып сөзден қате кеткен жауапты қызметкер жиналғандар алдында басын иіп кешірім сұрады. Орталық басшысы бұндай жағдай қайталанбайтынын, толық бақылауында ұстайтынын жеткізді.


редактор,
Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ