Инкассатор банктен 10 миллион теңге ұрлап, артынша өзін атып өлтірген

1 587

Фото: Lada.kzАқтаудағы банктердің бірінің ғимаратында инкассатор 10 миллион теңге ұрлап, артынша өзіне қол салған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.


Оқиға 14-шағынауданда Halykbank ғимаратында болған. 10 миллионды ұрлағаннан кейін ер адам ғимараттың жертөлесіне қамалып, қызметтік қарумен басынан оқ атқан.


Жедел-тергеу тобы, дәрігерлер мен СОБР қызметкерлері жертөлеге кіретін есікті қоршап алған. Марқұм 43 жаста еді. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.


"Қазіргі уақытта "Ұрлық және өзін-өзі өлтіруге итермелеу" дерегі бойынша Ақтау қалалық ІІБ қылмыстық іс қозғады", – деп хабарлады департаменттен.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.