Бүгіннен бастап мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 75 пайызға өседі

332

1 шілдеден бастап «Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет мекемелері қызметкерлерінің еңбекақысы 75%-ға өседі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Шымкенттегі кездесуде айтты, деп хабарлайды Экспресс К министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 шілдеден бастап «Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет мекемелері қызметкерлерінің еңбекақысы 75%-ға өседі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Шымкенттегі кездесуде айтты, деп хабарлайды Экспресс К министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мәдениет және архив ісі ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен әр жыл сайын 20%-ға өсетін болады. Бұл жұмыс 2025 жылға дейін жүргізіледі, яғни осы кезеңде еңбекақы көлемі 100%-ға артады. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 1 шілдеден бастап "Ұлттық" мәртебесі бар мәдениет мекемелері қызметкерлерінің еңбекақысы 75%-ға артатынын атап өткім келеді", — деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, елімізде кино өндірісі қарқынды дамып келеді. Мәселен, "Қазақфильм" киностудиясын жаңғырту жүзеге асырылып жатыр, "Қазақанимация" шығармашылық бірлестігін құру бойынша жұмыс жүргізіліп отыр. Бұл бірлестік биыл көрермендерге 10 пилоттық жоба ұсынады. Рейтингі жоғары анимациялық фильмдер мен кинокартиналарды қазақ тіліне дубляждауға қаражат бөлінеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.